Валюта болжамы: 18 қыркүйек – 22 қыркүйек

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (18 қыркүйек – 22 қыркүйек).

abctv.kz-ке пікір білдірген сарапшылардың пайымынша, алдағы аптадағы валюта бағамына әсер ететін негізгі факторлар: федералдьды қор жүйесінің қорытынды отырысы және Ресей Орталық банкінің шешімі. Естеріңізге сала кетейік, Ресейдің Орталық банкі тамыз айының қорытындысы бойынша инфляцияның күрт төмендеуін назарға ала отырып 50 базистік пунктке қатысты негізгі мөлшерлемені азайтқан болатын. TeleTradeCentralAsia, «ФИНАМ» компаниялар тобы және «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ-ының сарапшылары осы жағдайларды қаперге алыпты.

Сондай-ақ, әдеттегідей, валюта бағамына энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай әсер етуін жалғастыруда. Бұл факторды TeleTradeCentralAsia, Gerchik&Co, «Цесна Капитал» АҚ және «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ-ының сарапшылары өз пікірлерінде атап өтіпті.

Сонымен қатар «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ және «Альпари» компаниясының сарапшылары халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін теңге құнсыздануы мүмкін деген болжамнан қауіптенетіндігін мәлімдепті.

Сарапшылар келер аптада курс бағамына айырықша әсер ететін факторлардың қатарында қыркүйек айында орын алады-ау деген дефляцияның жеделдетілуін («Альпари»), Ресейде кезекті салық кезеңінің басталуын (TeleTradeCentralAsia), рубльдің әлсіреп, доллар индексінің өсуі мүмкін екендігін («Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ) атап өтті.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz әзірлеген кезекті сауалнамадан біле аласыздар.

Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптама департаменті директорының орынбасары: 

18 қыркүйек – 22 қыркүйек

Ұлттық экономика министрлігі тамыз айында елімізде дефляция тіркелгендігін мәлімдеді. Бұл ретте, қыркүйек айында да дефляция үдей түспек деген болжам бар. Бұған дейін отандық БАҚ-та халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін инфляция өседі деген қауіпті болжам айтылды. Алайда нақты жағдай көпшілік күткен негативті болжалдардан едәуір тәуір боп шықты. Сәйкесінше, жылдық инфляцияның 6-7% жағдайында таргет орындалуға тұрарлық екенін еске сала кетейік.

Теңгенің долларға шаққандағы бағамы келер аптада 338-340 болады деген болжам айтамыз. Ал теңгенің рубльге шаққандағы бағамы 5,86-5,92 көлемінде болмақ.

Сергей Полыгалов, TeleTradeCentralAsia сараптау тобының жетекшісі:

18 қыркүйек – 22 қыркүйек

Алдағы аптадағы теңге бағамының қалыптасуына Федеральды қор жүйесі отырысының қорытындысы, мұнай бағасы және РФ Орталық банкінің пайыздық мөлшерлеме бойынша шешімі негізгі фактор болмақ.

Америкалық реттеушінің несие-ақша саясатына қатысты шешімі сәрсенбі күні кешкілік жария болмақ. Федеральды қор жүйесі қыркүйек айындағы отырыста пайыздық мөлшерлемені арттыру және бағдарламаның сандық жеңілдігін азайту туралы шешім шығаруы әбден мүмкін. Ал ең негізгі оқиға Федеральды қор жүйесінің басшысы Джанет Йелленмен өтетін баспасөз-мәслихаты болуы тиіс. Нарық қатысушылары Джанет Йелленнің аузынан жыл соңына дейінгі және келер жылдың басында орын алатын несие-ақша саясатын қатаңдатуға қатысты алдағы жоспарлар мен нақты дәлдікті естігісі келеді. Сондай-ақ, Йеллен өткір тұрған дүниелерді де айтып қалуы мүмкін. Бұлайша ой қорытуға толық негіз бар. Басты негіз – экономиканың өсу қарқынының 3%-ға дейін «секіруі» және оң динамика көрсеткен тұтыншулыр инфляциясының соңғы деректері. Егер отырыста осы сценарий орын алатын болса, доллар валюта нарығының қатысушылары тарапынан уақытша қолдау табуы мүмкін. Әрине, бұл жағдай америкалық валютаның теңгеге қатысты бағамында көрініс табады.

Ұлттық валюта үшін ОПЕК және Халықаралық энергетикалық агенттік интервенциясынан кезекті дүрбелеңді өткеріп жатқан мұнай нарығы қолдаушы фактор болмақ. Қос ұйымның өтінішіне сүйенсек, мұнай қоры азайып, ал оған деген сұраныс артып келеді. Бұл жағдай аталған факторлардың теңсіздігіне алып келеді. Соның салдарынан бір баррель мұнайдың бағасы 55 доллардан асып кетті. Ал келер аптада баға 53 доллардан төмен түспейтіні және анық. Бұл теңгеге оң әсер етеді. Бұл жағдай ұлттық валютаның бағамын нығайтпаса, әлсіретпейді.

Менің ойымша, әлемдік нарықта және халықаралық саясатта анау айтқанда форс-мажор орын алмаса, USD/KZT жұбы долларына 338-343 теңге диапазонында саудаланбақ.

Ресей валютасының алдағы аптадағы бағамы ең алдымен РФ Орталық банкінің пайыздық мөлшерлемеге қатысты шешіміне байланысты болмақ. Алдын-ала күтілгендей, реттеуші тамыз айының қорытындысы бойынша инфляцияның күрт төмендеуін назарға ала отырып 50 базистік пункттің мөлшерлемесін 8,5%-ға дейін азайтты. Таргеттен артта қалу 0,7%-ды құрады. Бұл ресейлік реттеуші тарапынан мөлшерлемені азайтуда үлкен қадам жасауға мүмкіндік берді.

Кезекті салық кезеңінің басталуын рубльді қолдаушы фактор ретінде алуға болады. Ресейлік экспорттаушылардың конверсиялық операциялары ресей рубліне деген сұранысты қолдауы мүмкін. Алайда қыркүйек айындағы төлемдер өткен аймен салыстырғанда мәні аздау. Сарапшылардың бағалауы бойынша 2017 жылдың қыркүйек айындағы салықтық төлемдер мен РФ бюджеттік емес қорындағы сақтандыру жарналарының көлемі 1,310-1,725 млрд рубльді құрауы ықтимал.

Сонымен қатар жоғары деңгейде сақталған мұнай бағасы рубльді қолдаушы фактор ретінде қала бермек.

USD/RUB жұбындағы 1 АҚШ доллары үшін 57-58 рубль көлемінде сақталса, RUB/KZT жұбындағы 1 рубль 5,75-5,95 теңге дәлізінде саудаланады деген болжамды алға тартамыз.

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

18 қыркүйек – 22 қыркүйек

Нарықтар Федеральды қор жүйесінің пайыздық мөлшерлемесі желтоқсан айында 50%-дық деңгейге дейін артады деген болжам бар.

Ұлыбритания банкі өткен отырыстың қорытындысы бойынша 0,25% деңгейіндегі жылдық пайыздық мөлшерлемені сақтап қалды. Сондай-ақ нарықтан активтерді 435 млрд фунт стерлингке сатып алу көлемі де сақталды. Алайда бұл алдағы бірнеше ай бойы ынталандыру шараларының төмендеуі орын алуы мүмкін екенін ұғындырды.

Өз кезегінде S&P GlobalRatings еуроаймақтың ішкі жалпы өнімінің өсіміне қатысты болжамды 2017 жылы 2%-ға дейін, 2018 жылы 1,7%-ға дейін жақсартты. Әйтпесе, бұған дейінгі болжамда 2017 жылы - 1,4%, 2018 жылы 1,3% көрсетілген болатын.

Агенттікте бұған дейін айтылғандай, еуроаймақтың экономикалық өсімі күткендегіден әлдеқайда тұрақты екені мәлімденді және еуро бағамының өсімі орта мерзімді болашақта эконмикаға кері әсер етпейді деп сенім білдірілді.

Біздің болжам бойынша алдағы аптада теңгенің рубльге шаққандағы бағамы 5,77-6,1 диапазонында болмақ. Ал теңгенің долларға шаққандағы бағамы - 332-345, еуро 396-412 деңгейінде сақталмақ.

Ерлан Қойшыбаев, Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі:

18 қыркүйек – 22 қыркүйек

Мұнай бағасының төмендеуі және АҚШ долларын арзандатуға қатысты орын алған үзілістер айырбас бағамы 1 АҚШ доллары үшін 338-343 теңге мәнінде сақталуына әсер ететін бірден-бір фактор.

Ал ресей рубліне қатысты болжам: 1 рубль 5,3-5,9 теңге көлемінде болмақ.

 

Айнұр Дүйсембаева, «Цесна Капитал» АҚ сарапшысы:

18 қыркүйек – 22 қыркүйек

Өткен аптада Brent сұрыпты мұнайдың бағасы барреліне 56 долларға дейін өсті. Бұл нарық қатысушылары үшін жағымды жаңалық болғаны анық. Халықаралыө энергетикалық агенттіктің 2017 жылы мұнайға деген ғаламдық сұранысқа қатысты болжаиы тәулігіне 0,1 млн баррельден 1,6 млн баррельге дейін өсті. Бұл агенттіке экономикалық әріптестік жәнедаму халықаралық ұйымына (ЭӘДҰ) мүше елдердегі мұнай өнімдерінің қоры 2017 жылдың соңына қарай бес жылдық кезеңде орта деңгейге дейін қысқарады деп болжам жасауына негіз болды. Бұл ретте тамыз айында әлемдік нарыққа мұнайды ұсыну ОПЕК қолға алған шаралардың арқасында кеміді. Бұл алдағы коммерциялық қорлардың азаюында байқалуы мүмкін. ОПЕК-тің ай сайынға есебі қысқарту туралы келісімдерді сақтаудан босатылған елдерді қоса есептегенде тамыз айындағы жиынтық табыс тәулігіне 0,08 млн баррельден 32,75 млн баррельге дейін қықсарды.

Қыркүйек айы басталғалы бері мұнай бағасының едәуір өскенін және барреліне 56-57 доллар деңгейіне қол жеткізілгенін ескерсек (нарық қатысушыларының көбі табысты позиция бойынша белгілеуді бастауы мүмкін), келер аптада баға барреліне 54,5-57 доллар көлемінде нығаятын болады.

Ұлттық валютаның бағамы өткен аптада сыртқы оң факторларға қарамастан, қысымның астында болып, 1 АҚШ доллары 339,6 теңге деңгейінде жабылды. Бұл ретте 2016 жылдың екінші жартыжылдығында мұнай бағасының өсіміне қарамастан, теңге бағамы нығаймай 330-334 дәлізінде болғанын  атап өтуге тиіспіз.

Біздің USD/RUB жұбына қатысты ұсынып отырған орташа бағам – 57-58,  USD/KZT – 335-338, RUB/KZT – 5,8-5,9.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестицялық талдау бөлімінің басшысы:

18 қыркүйек – 22 қыркүйек

Өткен аптада мұнай бағасының өсімі ресей рублінің нығаюына қолдау көрсетті. Алайда рубль мен мұнай бағасы арасындағы арақатынасты анау айтқандай мығым да атауға келмес. Мұнай шамамен 2,85%-ға өсті. Ал рубль шамамен 0,85%-ға нығайды. Жұма күні Ресейдің Орталық банкі негізгі мөлшерлемені 0,5%-дан 8,5%-ға дейін қысқартты. Мұндай шешім алдын-ала күтілген болатын. Сондықтан рубль бағамында кенеттен өзгеріс орын алған жоқ. Біздің ойымызша, Орталық банктің бұл шешімі алдағы аптада едәуір негативті әсер әкелуі мүмкін.

Алдағы аптада доллардың өзге валюталарға шаққандағы бағамына назар аудару керек. Сондай-ақ «қара алтынның» құнын да қаперде ұстаған жөн.

Теңге өз жолымен өмір сүруін жалғастыра бермек. Рубль мен мұнайдың қымбаттауы арасында айтарлықтай байланыс көрінбейді. Бұл ретте, сұраныс ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталған соң теңге құнсызданады деген дүрлігуге қатысты құрылған. Соңында біз теңгенің негізсіз әлсірегенін көріп отырмыз.

Келер аптада рубльдің әлсіреп, сондай-ақ доллар индексінің артуы мүмкін екенін ескере отырып, 1 доллар 335-340 деңгейінде сатылады деген болжам айтамыз. Ал RUB/KZT жұбына қатысты болжам 5,7-5,9 болмақ. USD/RUB – 57,5-59,5.

18 қыркүйек – 22 қыркүйек

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу